«Жүру мүмкін емес»: Баян Алагөзова әкімдікке ескерту жасады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
501

Белгілі прдюсер Баян Алагөзова Алматы көшелерінің жағдайын сынға алды, деп хабарлады madeniportal.kz politico.kz-ке сілтеме жасап.

Продюсер Баян Мақсатқызы Instagram-дағы парақшасына Алматыда көше сәнін бұзып тұрған кәріз құдықтарының суретін жариялады.

«Төлебаев көшесіне келдім. Мынадай кәріз құдықтары өте қауіпті. Айналасы үгітіліп түсіп жатыр. Екі аптадан бері жөндеу жұмыстары жөнделмеген. Шұңқырлы жерлерде көлікпен жүру де қауіпті. Әйелдер қауымы биік өкше киіп жүргісі келеді. Мынадай жолдарда жүру мүмкін емес. Одан кейін Шагабудинов көшесіндегі ойылған шұңқырларды таспен бітеп қойыпты. Өте талантсыз, дарынсыз адамның тірлігі. Қаланың орталығы саналатын, біздің сүйікті Бостандық ауданының көшелері де дәл осындай. Үлкен колхозда тұрып жатырмыз. Осыдан кейін туристерге не деп ренжиміз?! Көше толған қоқыс, темекінің қалдығы. Жолдың арғы беті де дәл осындай. Мынадай сұмдықты кім көрген?! Біздің төлеген салығымыз қайда кетіп жатыр?! Тырнақшаның ішіндегі жауапты адамдардың бәріне рақмет!» – деп жазды продюсер.

Еске сала кетсек, бұған дейін ол туристер көп жүретін орталық көшелерде жарық жоқ екенін де айтып шағымданған еді.

«Жұбайыммен қазір қаланың қақ ортасында серуендеп жүрміз. Бұл – Бөгенбай батыр мен Панфилов көшелерінің қиылысы. Қандай қараңғы екенін көріп тұрсыздар ма?! Жай ғана «колхоз». Ұмытылған, қараусыз қалған жер сияқты. Мына саябақтың салынып жатқанына да 1,5 жылдай уақыт болды. Мүлде жарық жоқ. Тас қараңғы. Бұл жерде қала қонақтары, туристер көп жүреді. Осындай әдемі қалада тұрып, дәл мынадай сұрықсыз көшелерде жүретініміз өте өкінішті», – деген еді сонда Баян Мақсатқызы.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...