Динара Сәтжан ұлының тойына Баян Алагөзованың неліктен қатыспағанын ашып айтты

әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
266

Продюсер Баян Алагөзованың кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің туған күніне қатыспауы әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Оның себебін Динара Сәтжан түсіндірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әлеуметтік желіде Динара Сәтжанның жазбасының астына пікір қалдырған оқырмандардың бірі Баян Алагөзованың құрбысынң өтіп кеткен тойына неге келмегенін сұраған.

«Бүгін өте әдемісіз! Қызық, сіздің шараңыздағы тойда  Баян неге болмады?» – деп жазған желі қолданушысы.

Бұған Динара Сәтжан қысқа жауап берген.

«Ол ауырып қалып, ауруханада жатты», – деді Динара Сәтжан.

Әзірге Баян Алагөзованың денсаулығына қатысты өзге мәлімет айтылған жоқ.

Айта кетейік, Динара Сәтжан аталған жазбасында кәсіпкер Тұрсын Алагөзовті 57 жасқа толған туған күнімен құттықтаған.