"Шаншар" әзіл-оспақ театрының басшысы Уәлибек Әбдірайымов әзіл әлеміндегі інілері Есен Еле...
«Әйел – қызметші емес»: Динара Сәтжан үйленген ұлына қатаң ескерту жасады
ашық дереккөз
Танымал тележүргізуші әрі продюсер Динара Сәтжан шаңырақ көтерген ұлы Даниял Үскенбайға отбасылық өмірге қатысты ақыл-кеңесін айтты. Ол әлеуметтік желідегі жазбасында жас жұбайларға жүрекжарды тілегін арнап, ұлына әйелге деген құрметтің маңызын еске салды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Динара Сәтжан екі жастың махаббатын өмір бойы сақтап, бір-біріне құрметпен және түсіністікпен қарауын тіледі.
«Бір-бірін сүйетін, бірін-бірі таңдап, өмір жолын бірге жалғастыруға шешім қабылдаған екі жүрекке қарау қандай керемет. Махаббаттарыңды өмір бойы аялап, бір-біріңе ризашылықпен әрі құрметпен алып өтулеріңді тілеймін. Жылдар өткен сайын сезімдерің тереңдеп, даналық пен беріктікке ұлассын», – деп жазды ол.
Сондай-ақ тележүргізуші ұлы Даниялға келіншегіне тең серігі ретінде қарау керегін ерекше атап өтті.
«Балам, саған ең басты нәрсені айтқым келеді: әйел – қызметші емес. Ол – сенің өмірлік серігің, тең дәрежедегі жарың. Қуанышты да, қиындықты да, армандарды да, отбасы алдындағы жауапкершілікті де бірге бөлісетін адамың», – деді Динара Сәтжан.
Оның сөзінше, махаббат тек әдемі сөз айтумен шектелмейді. Жарыңды тыңдау, оның қызығушылығына мән беру, жетістігіне қуану және қиын сәтте жанынан табылу – берік отбасының негізі.
«Айнұраның қызығушылықтарын, армандары мен кішкентай қуаныштарын бірге бөліс. Өйткені бақытты өмір дәл осындай сәттерден құралады. Бүгін жүректеріңді тоғыстырған сезімді сақтаңдар. Күн сайын бір-біріңді қайта таңдаңдар», – деп түйіндеді ол.