Жазира Байырбекова келінін өзі ұзатып шығарып, жұртты таңқалдырды

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
1218

Әнші Жазира Байырбекова келінін өз қолымен ұзатып, шаңырағына өзі алып келгенін айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өнер иесі бұл қуанышты сәтті әлеуметтік желіде бөлісіп, келінін ерекше түрде қарсы алғанын жеткізді.

Аллаға шүкір, бүгін келінімізді аман-есен үйімізге түсірдік. Құдағиым Лиза "келінді өз әніңізбен алып кетсеңіз" деген өтініш айтты, соны орындадым. Жылы тілектеріңізге рахмет, – деп жазды әнші.

Аталған жайт желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Бірі бұл әрекетті ерекше әрі әсерлі қадам деп бағаласа, енді бірі дәстүрге сай келмейтінін алға тартуда.

Пікірлер арасында «Бұл – ененің емес, эстрада жұлдызының ұзатуы сияқты», «Бұрын-соңды болмаған жағдай», «Ененің келінді өзі ұзатқаны дұрыс емес» деген көзқарастар жиі кездеседі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...