“Жүрегімде кек емес, кешірім көп”: Мөлдір Мұқанова кешірім бергенін айтты

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
931

Желіде қызу талқыға түскен Тұрсынбек Қабатовқа жары Мөлдір Мұқанова кешірім бергенін тұспалдап жазба қалдырды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Желі қолданушылары олардың ажырасқаны жайлы түрлі пікір білдіріп, әртүрлі әңгімелерді әлі де жазуда. Күні кеше Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында парақшасында жүрекжарды жазбасын бөлісіп, жұртшылық назарын өзіне аударды. Ол:

«Айналамдагылар неге саған жамандық жасағандарға үн қатпайсың деп сұрайды. Ал мен уақытымды өз деңгейімнен төмен түсіп, кек қайтаруға ысырап етпеймін. Мен үшін тыныштық – ең үлкен жеңіс, сабыр сақтау – нағыз биіктік. Себебі менің жүрегімде кек емес, кешірім көп», – деп жазды.

Бұл сөздерді оқыған жұртшылық оны Қабатовпен байланыстырып, тұспалды жауап деп қабылдады. Жазба астына пікір қалдырғандар әртүрлі ой айтты. Бірі: «Жүрегі таза, аппақ көңіл жансыз», десе, енді бірі: «Байдың кетуіне өзіңіздің қылықтарыңыз себеп емес пе, Тұрсынбектей ер азаматты қалай жіберіп алдыңыз?» деген пікір білдірді.

Әзірге Тұрсынбек Қабатов бұл жайға қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ. 

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...