Алтынай Жорабаева қызының ұзату тойына жұбайының не себепті келмегенін айтты

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
221

Әнші Алтынай Жорабаева жұбайы Әлішердің қызының ұзату тойына не себепті қатыспағанын түсіндірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өнер иесінің айтуынша, бұған отбасыдағы қаралы жағдай себеп болған. Оның сөзінше, жарты жыл бұрын жұбайының туған бауыры кенеттен қайтыс болған. Соған байланысты олардың әулетінде бір жыл бойы аза тұту дәстүрі сақталып жатыр.

Алтынай Жорабаева жұбайының бұл шешімді алдын ала айтқанын жеткізді.

«Әлішер: “Мен тойға қатыса алмаймын. Бірақ Айнараның ұзатуын кейінге қалдырмайық. Құдаларды күтіп алып, шаңырағымыздың төрін көрсетейік. Өзім қарсы алып, қонақ қылайын”, - деді», - деп жазды әнші.

Сонымен қатар, әнші жұбайының тойдың барлық ұйымдастыру жұмыстарына белсенді араласқанын атап өтті. Рдан бөлек Алтынай Жорабаева жазбасында жарына алғыс айтып, алдағы уақытта да отбасындағы қуанышты сәттерді бірге қарсы алуды тілейтінін жеткізді.

«Алла қаласа, алда әлі талай қуанышымыз бар. Тұрмыс құрмаған төрт қызымыздың да тойын амандықпен бірге қарсы алып, бірге атап өтуді Алла нәсіп етсін», - деді әнші. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбедегі "Нұр Ғасыр" орталық мешітінде тарауық намазынан кейін екі кәмелетке толмаған жасөспір...

Шоу-бизнес

Ұжымның жеті мүшесінің барлығы бірдей Arirang альбомы мен ондағы әндерді марапаттың ешбір аталымына...