Әнші Бүркіт: “Күлімдеп қарасаң, сені ақымақ көреді”

Фото: видеодан скриншот

Шоу-бизнес
2160

Шетелде демалып, саяхаттап жүрген отандық әнші жұп жерлестеріне өкпелерін айтып, жазба қалдырды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Біз бір-бірімізді жеп қоюға дайын тұрамыз ғой. Біреудің алдын қиып кетсең, ерінбей жетіп алып, ұрысып, ол да алдыңды қияды. Сабырлық деген бізде мүлде жоқ боп бара жатыр. Жол жүру этикасы деген бар еді бұрынғы жылдары, қазір одан мүлде алыстап кеткен секілдіміз. Төбелеске дейін барады. Ұрып, жығып, өзінің дұрысын дәлелдегісі келетіндер қаншама… Күлімдеп қарасаң, сені ақымақ көреді басқалар. Ұяттық нәрселер көп енді. Өзімізді өзіміз түземесек, ұят болады-ау! — деді Бүркіт пен Аиша қазақ халқында жолдаған үндеуінде. 

Өнерлі жұп Бали аралдарында видео түсіріп, онда бағдаршам жоқ, көлік көп болғанымен кептеліс жоқ екенін, сабырлықпен өтіп жатқандарын айтып, біздің елде жол жүру этикасы жоғалып бара жатқанын айтып өткен.

Шоу-бизнес

Ұжымның жеті мүшесінің барлығы бірдей Arirang альбомы мен ондағы әндерді марапаттың ешбір аталымына...

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы облысының білім басқармасы мектеп формасына қатысты талаптарды тағы...