Ақбота Керімбекова беташарға дайындалып жатыр

Фото: инстаграм парақшасынан

Шоу-бизнес
3420

Әнші Ақбота Керімбекова келін түсірді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Әншінің қуанышында келіндерін алып кетуге ұлдың кіндік шешесі Айгүл Иманбаевадан бастап, Жанар Айжанова, Меруерт Түсіпбаева секілді әртістерден құралған топ шашбауын көтеріп барған. 

«Бүгін бізде қуанышты күн! Кіндік балам Ахан, Ақботаның ұлы үйленіп жатыр, бүгін екеуіміз келінді болып, қызымызды алып кететін сәт келді. Құттықтап қойсаңыздар болады», – деді Айгүл Иманбаева. 

Кеше келін түсірген Ақбота Керімбекова бүгін беташарға дайындалып жатыр.

«Тойды аман-есен өткіздік. Келініміздің бетін ашамыз бүгін, оған қоса ауызашар. Негізі әдемі кезеңге келін түсіруді Алла нәсіп етіп отыр екен. Тілек көп айтылатын, қабыл болатын ай ғой. Құдай қаласа, осы ұл-қыздың бақытын, жақсылығын көрейік. Келініміз адалынан болып, әулетімізді көркейте берсін», – деді әнші. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...