77 жастағы Алтынбек Қоразбаевтың биі желіні шулатты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
2402

Қазақстанның халқы әртісі Алтынбек Қоразбаевтың танымал әнші шәкірттерімен билегені жұртты тәнті етті, деп хабарлады madeniportal.kz.

1 ақпан күні 77 жасқа толған композитордың шәкірттері Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев және Тоқтар Серіковпен билеп, көптің көзайымына айналды. Бейнені Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен.

Желі қолданушылары "Жілтіктей әншілер, Алтынбек аға бабында, Алла күш берсін", "Өнерлеріңізді қатты құрметтейміз, әрқашан сәттілік тілейміз, халыққа қызмет етуден шаршамаңыздар", "Керемет! 77-дегі дей алмайсың, жас көрінеді ағамыз! Тіл - көзім тасқа! Алла Тағала әлі де ұзақ ғұмыр нәсіп етсін! Өнер адамының жүрегі де, тәні де, жаны да қартаймайды..." - деп жазып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...