"Бәрі өзара келісіммен болды": Басы дауға қалған De Lacure айыптауларға жауап берді

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
114

Қазақстандық шоулардың бірінде ұятты оқиғасын бөлісіп, басы дауға қалған рэпер De Lacure айыптауларға жауап берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, оқырмандарына үн қатты.

Рэпер ең алдымен кез келген зорлық әрекетін үзілді-кесілді айыптайтынын және ешқашан қолдамайтынын атап өтті. 

Оның сөзінше, түсірілім барысында айтылған оқиға ол 16-17 жаста кезде болған. Әнші оқиғада олардың тарапынан да, досының тарапынан да ешқандай зорлық әрекеті болмағанын айтты.

“Біз, өз ойымызша, белгісіз бір адамның зорлық әрекетіне ұшырады деп санаған әйелге көмектесуге жақындадық. Шын мәнінде, біз мұны нақты білмедік, сол сәтте бізге солай көрінді. Ол бізден көмек сұрамады. Кейін онымен досым оңаша қалды, олардың арасында бәрі өзара келісіммен болған”, – деді ол.

De Lacure-дың айтуынша, комиктер бірнеше рет “Бәрі өзара келісіммен болды ма?” деп қайта сұраған, ал ол бәрі өзара келісіммен болғанын айтқан. Рэпер бұл дау әлеуметтік желіде бір адамның жалған пікірінен кейін негізсіз туды деп санайды. 

“Ол адам сол кездегі досым зорлық сипатындағы әрекет жасады деп жазған. Осыдан кейін барлық БАҚ мұны менің досым зорлық әрекет жасады дегендей тарата бастады. Сәйкесінше, оқиғаның мәні бұрмаланды”, – деді ол. 

АЙМАҚТАР

2026 жылғы 3 мамырға, жексенбіге арналған ауа райы болжамы жарияланды. Елдің басым бөлігінде қолайсы...

PESTEL

АҚШ Сенатындағы демократтар көшбасшысы Чак Шумер Х әлеуметтік желісінде Дональд Трамптың Конгре...