«Жаным ауырып, жүрегім сыздап отыр»: Мөлдір Мұқан тосын жазба жариялады

ашық дереккөз

Шоу-бизнес
909

Продюсер Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында қоғамда талқыға түскен қайғылы жағдайға қатысты ойын білдірді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Ол жазбасының мақсаты біреудің қайғысынан хайп жасау немесе болған жағдайға қатысты біреуді айыптау емес екенін атап өтті. Продюсер адам қайғысына бейжай қарамау керектігін жеткізді.

«Мен жылағанда ел жұбатты, ел жылағанда мен жұбатпаймын ба? Мақсат керіс те, жеңіс те емес. Жанымның ауырып, жүрегімнің сыздап отырғаны – ана баласыз қалды, сәби анасыз қалды, бір жүректің соғуы тыйылды, бір гүлдің тамыры қиылды», – деп жазды Мөлдір Мұқан.

Оның сөзінше, мұндай қайғының салдарын ештеңемен өтеу мүмкін емес.

«Ана жүректегі жарақатты ешкім өшіре алмайды, солған гүлді ешкім қайта өсіре алмайды, қоғам қатігездікті кешіре алмайды», – деді ол.

Осылайша, Мөлдір Мұқан жазбасында қайғылы жағдайға байланысты жанайқайын жеткізіп, қоғамды қатігездікке бейжай қарамауға үндеді.

Айта кетейік, Меркідегі шу әлі де жалғасып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының тұрғыны Арман Шораев әлеуметтік желіде балағат сөздер қолданылған жазба жариялағаны...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс ағылшын тұқымды жүйрік Кабирхан ұзақ үзілістен кейін қайтадан...