Нағима Есқалиева тойда әжемен рэп оқып, көптің ашуына тиді

Фото: видеодан скриншот

Шоу-бизнес
628

Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиева 61 жастағы Мейрамгүл Қожашевамен бірге тойда рэп орындап, жұртты таңғалдырды. Былтыр қызын ұзатқан тойда Gangsta’s Paradise әнін айтып бірден танылған Мейрамгүл апа бұл жолы да сол хитпен сахнаға шыққан, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап. 

Тойға келген қонақтардың бірі болған Нағима Есқалиева да қарап тұрмай, микрофонсыз-ақ ритмге ілесіп, кейіпке еніп, Мейрамгүл апамен дуэт болып рэп оқыды.

Әлеуметтік желіге тараған видео әп-сәтте жұрттың назарын аударды. Пікір жазғандардың бірі:

«Бұлар ұрсысып тұрғандай көрінеді», «Нағыз гангста-әжелер!», «Нағима мықты ғой!» — деп сүйсінді.

Дегенмен бәріне бірдей жақпай қалды. Кейбір пайдаланушылар сын пікір қалдырған:

«Жындыхана ма деп қалдым», «Бұл — ақырзаманның белгілері ғой», «Құдай сақтасын», — деп жазғандар да болды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі журналист Жанат Жақсыбайқызы әлеуметтік желіде Атыраудағы қанды қылмысқа байланысты жаңа дер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі Жамбыл облысындағы Шатыркө...