«Биді әбден сағыныпты»: Түрмеден шыққан Мейіржан Төребаев тойда көзге түсті

Фото: ашық дереккөзден

Шоу-бизнес
603

Қазақстандық вайнер Мейіржан Төребаевтың тойдағы көңілді сәті әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Тараған бейнежазбада ол ортаға шығып, қазақ әуенімен еркін әрі шынайы билеп, жиналған қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлағаны көрінеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz sn.kz-ке сілтеме жасап.

Оның сахнадағы еркіндігі мен позитивті энергиясы көпшілікті бірден баурап алған.

Желі қолданушылары Мейіржанның харизмасы мен ашық мінезін жоғары бағалап, пікірлерде жылы лебіздерін аямады. Көпшілік оны “нағыз тойдың көркін қыздыратын адам”, “шоу жасай білетін вайнер”, “энергиясы тасып тұрған жан” деп сипаттауда.

Бейне қысқа уақыт ішінде мыңдаған қаралым жинап, түрлі платформаларда кеңінен таралды. Көптеген қолданушылар бұл сәтті тойдағы ең есте қаларлық әрі шынайы эмоцияларға толы көріністердің бірі деп бағалап отыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

2003 жылы туған марқұмның денесін құтқарушылар 9 мамыр күні тапқанын Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД мә...

ЖАҢАЛЫҚТАР

13-14 мамыр күндері Астанаға Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқ...