Танымал блогер Елдос "Колобок" анасының ертеректе тұрмысқа шықпай қалған себебін айтты, деп хабарлад...
Танымал шоумен Димаш Құдайбергеннің көпшілік біле бермейтін қасиетін атады
әлеуметтік желіден
Шоумен әрі тележүргізуші Данияр Батырбаев әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген туралы әсерлі жазба жариялады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Жүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында Димаштың талантына жоғары баға беріп, онымен жеке таныстығын мақтан тұтатынын жеткізді. Батырбаевтың айтуынша, әншінің жетістігінің артында зор еңбек, мәдениет, тәртіп және музыкаға деген шынайы құрмет жатыр.
«Димаш Құдайберген – дәл сондай жан. Оның дауысы әлдеқашан жай ғана вокалдық феномен болудан қалды. Оның артында орасан еңбек, мәдениет, тәртіп және музыкаға деген шынайы құрмет тұр», – деп жазды Данияр Батырбаев.
Ол Димаштың әлемдік сахнада Қазақстанның мәдениеті мен музыкасын танытып жүргеніне де ерекше тоқталды. Жүргізушінің сөзінше, үлкен сахна, миллиондаған тыңдарман мен халықаралық танымалдықтың ар жағында өз елінің құндылықтарын бойына сіңірген азамат тұр.
«Димаш, сені жеке танитынымды мақтан тұтамын. Өз талантың арқылы әлемге Қазақстанның қаншалықты көркем екенін көрсететін тұлға болғаныңды мақтан етемін», – деді шоумен.
Данияр Батырбаев Димашпен бірге түскен сәттің өзі ол үшін есте сақтауға тұрарлық ерекше естелік екенін атап өтті.