Жұлдызай Дүйсембиева ажырасу жайлы сұраққа жауап берді

ашық дереккөз

Шоу-бизнес
499

Белгілі актриса, "Алдараспан" театрының мүшесі Жұлдызай Дүйсенбиева отбасы жайлы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы ол El.kz порталына сұхбат берді.

Актриса жеке өмірі жайлы көп қауесет тарағанын және көбісі шындыққа жанаспайтынын алға тартты.

"Журналистерге бір нәрсе айтсаң, оны әртүрлі бұрып, сайттарға жариялай салады ғой. Бір эмоциямен жазғанымды әр сайт әртүрлі беріп жатады. Мысалы, бір журналистке "ұшақта ұша алмаймын, денсаулығыма байланысты" деп айтқан едім. Ертеңінде "Жұлдызайдың жағдайы нашар, ауыр дертке шалдыққан» деп хабар таратылды. Алыс-жақын шетелден адамдар хабарласып, жағдайымды сұрады, тіпті кей кәсіпкерлер "ақшасын айт, емделіп ал» деп ұсыныс жасады.

Ауру ауыр емес, әр адамда кездейсоқ болатын нәрсе ғой, қазір жазылып кеттім.

Сол сияқты желідегі бір жазбама қарап «ажырасып кетіпті» деп шулы ақпарат тарады. Шындық – әзірге ажырасқан жоқпыз," – деді актриса Жұлдызай Дүйсембиева.

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысының Қордай ауданында екі жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтпаева баланың болашағына қатысты дұрыс бағ...