«Сұмдық қой, қайдан шыққан заң»: Алтынай Жорабаева атақты сауда орталығында келеңсіз оқиғаға тап болды

коллаж: madeniportal.kz

Шоу-бизнес
2385

Атақты әнші Алтынай Жорабаева Астанадағы сауда орталықтарының бірінде келеңсіз жайтқа тап болды, деп хабарлады madeniportal.kz.

Әншінің сөзінше, «Ханшатыр» сауда орталығында оқырмандарымен суретке түсіп, сауалнамаға жасағанына әкімшілік ескерту жасаған. Көңілі толмаған әнші бұл жайтты әлеуметтік желіде жария етті.

«Ханшатырдан атып шықтық, біреу қуғандай шықтық. Көңіліміз су сепкендей басылды. Неге? Әлеуметтік сауалнама жасаймыз ба деп едік. Аллаға шүкір, біз кіріп келгеннен мені танитын апалар, қыздар келіп суретке түсіп жатты. Сол сәтті пайдаланып, мен де сауалнама жүргізейін дедім. Сыйлығымды беріп тұрсам, сауда орталығының күзетшісі келіп, бұл жерде видеоға түсіруге болмайды деп рұқсат жоқ деп бас салды. Ол қайдан шыққан заң? Сонда қарапайым халық менімен суретке түсу үшін, одан кейін мен олардан сауалнама алуым үшін рұқсат сұрауым керек пе? Командамен топырлап, клип түсіріп жүрсем басқаша әңгіме. Әшейін, әрі кетсе 1-2 минут нәрсе ғана», - деді Алтынай Жорабаева.

Әнші сауда орталығындағы күзетшінің бұл әрекетін ерсі деп есептейді.

«Бірінші орында күзетші келіп, өзін таныстыруы керек еді. Содан кейін қолында қағазы не планшетімен бізде осындай міне заң бар деп айтуы тиіс еді. Немесе сауда орталығының бір жеріне рұқсаттар жайлы жазып қоюы керек. Қаншама шетелге барып жүрміз, сауда орталығы болсын басқа жерлер де бұндай заңды көрмеппін. Ешқандай күзетші келіп, сауалнама жүргізуге болмайды деп айтпапты. Келіп алып,  әкімшіліктен барып қараңыз, деп қояды. Сонда мен сауалнама алу үшін әкімшілікке баруым керек пе?», - деді әнші intagram желісіндегі сторисінде.

Жаңалықтар

Тамара Дүйсенова президенттің көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Бұл тур...

Жаңалықтар

Ресейдің Красноярск қаласында тұратын азамат 11 жастағы ұлын іздеп, Қазақстанның құқық қорғау органд...