Белгілі прдюсер Баян Алагөзова Алматы көшелерінің жағдайын сынға алды, деп хабарлады madeniportal.kz...
Реанимацияға түсті: MuzArt әншісі Кенжебек Жанәбіловке шұғыл ота жасалды
Фото: әлеуметтік желіден
MuzArt тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов шұғыл түрде ауруханаға түсіп, өзіне ота жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Өнер иесінің айтуынша, ол Шымкент қаласына концертке аттануы тиіс болған. Алайда денсаулығы сыр беріп, дәрігерлер шұғыл медициналық көмек көрсету туралы шешім қабылдаған.
«Бүгін Шымкентке ән кешке баруым керек еді. Жүрек қан тамырларының бітеліп қалуына байланысты шұғыл түрде ота жасалып, жансақтау бөлімінен палатаға ауыстым. Досым басқарған ұжымға мың алғыс! Дұғада болайық!» - деп жазды әнші.
Кенжебек Жанәбілов қазіргі таңда жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылғанын айтып, өзіне қолдау білдіріп, дұға жасаған барша жанға алғысын жеткізді.
Желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері әншіге жылы лебіздерін білдіріп, тезірек сауығып кетуіне тілектестік танытып жатыр.