«Болашақта көресіздер»: Құралай Анарбекова танымал блогермен ара қатынасы жайлы ашып айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
2421

Отандық киножұлдыз, продюсер Құралай Анарбекова жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлады madeniportal.kz ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, белгілі блогер NNN-мен өзін не байланыстыратынын да журналист Дина Төлепбергенге жасырмады.

“Біз бірге жұмыс істедік, алдағы уақытта да бірге жұмыс істейміз. Жақсы доспыз, көп сөйлесеміз. Қалғанын болашақта көресіздер. Әзірге айтарым жоқ», – деді актриса.

Одан кейін жалғыз қалудан қорықпайтынын да мойындап, бәрі адамның өзіне байланысты екенін айтты.

«Жалғыздықтан қорықпаймын. Бәрі адамның қолында. Бұл өмірде қолыңнан келмейтін нәрсе жоқ. Егер адам қаласа, қасына адам алуға болады. Құдай өзі кешірсін. Бірақ мен жалғыздықтан қашпаймын, мен түк жасамаудан, деградациядан қорқамын. Бір орында тұрып қалудан қорқамын», – деді киножұлдыз.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысында мас күйінде көлік жүргізген әйел сотқа жүктілігі туралы жалған анықтама берген. Құж...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды. Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады...