Дариға Бадықова неге тұрмысқа шыққанын айтып берді

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
596

Танымал актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында өткен өміріне емес, бүгінгі бақыты мен болашағына басымдық беретінін айтып, жазба жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Актриса осы күнге дейін басынан өткен оқиғаларды қайта еске алып, өткенмен өмір сүргісі келмейтінін жеткізді. Оның айтуынша, ол алға ұмтылып, бақытты күндердің келетініне сенуді таңдаған.

«Мен өткен өмірімді жария етпесем де, өткенім туралы ән айтпасам да, басымнан өткен тағдырымды киноға айналдырмасам да, өз тарихым бар!Мен өткеніммен өмір сүргім келмейді. Мен тек алға жылжуды таңдадым. Жақсы күндердің келетініне сендім. Бақыттың да, махаббаттың да, ғажайып сәттердің де маған бұйыратынына сендім. Сол сенімімнің сыйындай болып, өміріме осындай ғажап күн келді. Сол күннің құрметіне маған ән арналды. Бұл ән – бүгінімнің бақыты. Бұл ән – жараланған жүректің зары емес, қайта бақытқа сенген жүректің жеңісі. Менің өткен өмірім жоқ. Менің тек бүгінім мен келешегім бар! Өйткені мен өткенімді әңгіме етуді емес, болашағымды әдемі етуді таңдаған әйелмін. Осындай әнге рақмет, Шампон!» – деп жазды актриса.

Бұған дейін Дариға Бадықоваға сырға салынып, 10 мың доллар қалың мал берілгені және өнер иелерінің үйлену тойларын жасағаны туралы айтылған болатын. Сол тойда жұлдызды жұптың бір отбасыға балалы болу мүмкіндігін сыйлағанын жазған болатынбыз. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...