«Енді үндемей қалмаймын!»: Дариға Бадықова жеке өмірін талқылағандарға шүйлікті

ЖИ

Шоу-бизнес
204

Танымал актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде жеке өмірі мен табысын талқылап, жағымсыз пікір жазатындарға қатаң жауап берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өнер иесі Instagram парақшасында бірнеше жазба жариялап, өзгенің тағдырына араласатын адамдарды сынға алды.

«Менің парақшама кіріп, өз өмірлеріне көңілдері толмағанының уын шашпаңдар! Бүгін біреудің өмірін табалап, ертең өз бастарына не келетінін білмейсіңдер. Ешкім баласының болашағына, денсаулығына, бақытына кепілдік бере алмайды. Біреудің бүгінін мазақ етіп, өз ертеңдеріңе тым сенімді болмаңдар!» – деп жазды актриса.

Дариға Бадықова өзінің үнсіздігін әлсіздік деп қабылдамауды ескертіп, жеке өміріне ешкімнің араласуға құқығы жоқ екенін айтты.

«Менің үндемегенімді әлсіздікке, тәрбиемді қорқақтыққа баламаңдар. Үндемегенге үдемеңдер! Әр нәрсенің шегі бар! Ұнамай ма? Қарама! Жақпай ма? Жазылма! Менің өмірім сендердің талқылайтын меншіктерің емес. Мен сендердің рұқсаттарыңмен өмір сүрмеймін!» – деді ол.

Сонымен қатар актриса табысына қатысты айтылатын сынға да жауап берді. Оның сөзінше, бүгінгі жетістігі ұзақ жылғы еңбек пен білімнің нәтижесі.

«Ақша аспаннан түскен жоқ! Біз біреудің қалтасына емес, өз білімімізге, қабілетімізге, еңбегімізге сүйеніп келдік! Біреудің тапқан ақшасын санағанша, өзіңнің неге жете алмай жүргеніңді ойлан», – деп жазды өнер иесі.

Жазбасының соңында Дариға Бадықова өзін қолдайтын оқырмандарына алғыс айтып, бұдан былай артық әңгіме жазатындарды парақшасынан бұғаттайтынын ескертті.

«Өз өмірлеріңді жөнге келтіре алмай жүріп, біреудің өміріне төрелік айтатын сендер кімсіңдер?! Менің сөзім барша оқырманға емес, дәл соларға арналған! Сын айту мен қаралап, артық әңгіме айту – екі бөлек!» – деп түйіндеді актриса.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту, елді мекенд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдегі инфрақұрылымды жаңғыртуға Ұлттық...