«Үміт еткен балаң бақилық болса...»: Ердос Қанаевтың жазбасы елді толқытты

ашық дереккөз

Шоу-бизнес
164

Танымал әнші Ердос Қанаев әлеуметтік желіде өзінің сырт келбетіне қатысты жазылған пікірлерге жауап беріп, өміріндегі ауыр кезеңдер туралы айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Өнер иесінің сөзінше, бұған дейін жариялаған видеосының астына желі қолданушылары «Қартайып кетіпсіз», «Бұл да қартайыпты» деген пікірлер қалдырған. Әнші мұндай өзгерістің артында адамға ауыр тиетін өмірлік сынақтар жатуы мүмкін екенін жеткізді.

«Үміт еткен балаң 10 жасында бақилық болса, артынан асқар тау әкең о дүниелік болса, қартаясың. Көз ілеспес шапшаңдықпен қартаяды екенсің», – деп жазды Ердос Қанаев.

Сондай-ақ әнші адамның сыртқы бейнесіне қарап оның ішкі күйін бағалау мүмкін емес екенін айтып, көпшілікке ой салды.

«Күліп жүрген адамның бәрі бақытты емес, түсінгенім!» – деді өнер иесі.

Ердос Қанаевтың бұл жазбасы өмірдегі ауыр жоғалтулардың адамға қаншалықты әсер ететінін аңғартып, желідегі сырт келбетке қатысты пікірлерге жауап болды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде Астанада академиялық алмасу бағдарламасымен білім алып жүрген екі қырғызстандық ст...

СПОРТ

Баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарында өткізген үш матчтің бәрінде жеңіліп, турнир...