«КешYOU» тобының бұрынғы әншісі қаралы хабар айтты

ашық дереккөз

Шоу-бизнес
104

«КешYOU» тобының бұрынғы солисі, әнші Әнел Әрінова әкесінің қазасынан кейін жүрек тебірентер жазба жариялады. Өнер иесі әкесінен айырылудың қаншалықты ауыр екенін айтып, оған деген сағынышын жеткізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әншінің әкесі – қазақстандық нейрохирург дәрігер, гомеопат, ақын әрі бард. Әнел әкесінің енді жанында болмайтынын қабылдау қиын екенін айтып, онымен сырласқан сәттерін сағынатынын жеткізді.

«Енді қасыңда бұрынғыдай болмайтыныңды түсіну қорқынышты… Саған қоңырау шалып, даусыңды естіп, жаңалықтармен бөлісіп, ақыл сұрап, сырласа алмайтынымды түсіну қиын. Әке, мен бұған үйрене алмайтынымды білемін… Енді бәрі басқаша болады», – деп жазды әнші.

Сондай-ақ өнер иесі әкесіне сыйлаған махаббаты мен артында қалдырған мұрасы үшін алғысын білдірді.

«Барлығы үшін рақмет, папа. Өмірің, махаббатың және артыңда қалдырғаның үшін. Сені жақсы көремін және әрдайым жақсы көре беремін», – деді Әнел Әрінова.

Айта кетейік, Әнел Әрінова көпшілікке «КешYOU» тобының құрамында өнер көрсету арқылы танылған. Ал әкесі медицина саласындағы қызметімен қатар шығармашылықпен де айналысып, өлең жазған, бардтық өнерді серік еткен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы бес адам қаза тапқан өртке қатысты жаңа мәліметтер жарияланды. Қаза тапқандар арасында 64...

СПОРТ

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ч...