«Осы сәтті мәңгі сақтағым келеді»: Төреғали Төреәлінің қарындасы Меккеде көзіне жас алды

әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
219

Белгілі әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі отбасымен бірге қасиетті Меккеге барып, ерекше әсерге бөленгенін айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында төрт жыл бұрын жолдасымен бірге қасиетті мекенге барып, тұңғыш перзент сұрап дұға еткенін еске алды. Араға жылдар салып, сол жерге қызымен бірге оралған Фариза көз жасына ерік берген.

«4 жыл бұрын ұзақ күткен тұңғышымызды қасиетті мекенге сұрап келгеніміз көз алдымда. Енді қызымызбен келіп отырғанымызды сезініп, еріксіз жылай бердім. Екеуміз Қағбаға қарап отырып көп дұға еттік. Осы сәтті мәңгіге жүрегімде сақтап қалғым келеді», – деп жазды ол.

Фариза Төреәлі жазбасында адам баласы кейде армандағанына қол жеткізген соң, қолындағы нығметтің қадірін ұмытып кететінін айтып, шүкіршілік етудің маңыздылығына тоқталған.

Оның сөзінше, дұға жасағанда тек қалаған нәрсені сұрап қана қоймай, берілген нығметтерге шүкір ететін жүрек тілеу де маңызды.

«Қабыл болатынына еш күмән келтірмей дұға ету керек дейді ислам ғұламалары. Яқин сеніммен. Жүрекпен. Бәрін сұра. Қолыңды жай да сұрай бер. Алла сұрайтын құлдарын сүйеді», – деді Фариза.

Жазбасының соңында ол оқырмандарына жақындарымен бірге амандықта қасиетті мекенге баруды тілеп, ақжарма ниетін білдірді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді тоғызыншы шақырылымда...

PESTEL

Шетелге шығу үшін көпшілікке паспорт қажет. Алайда Ұлыбритания королі Карл III пен Жапония император...