Нұрлан Қоянбаев ауруханаға түсіп қалды

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
968

Белгілі актер әрі продюсер Нұрлан Қоянбаевтың әлеуметтік желідегі соңғы ауруханадағы сторисі оқырмандарын алаңдатып қойды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өнер иесі аурухана төсегінде жатқан суретін жариялаған. Кадрда ол ақ жайма жамылып, бір қолымен төсек тұтқасынан ұстап отырған күйі көрінеді.

Сториске "Жолда абай болыңыздар" деген қысқа жазба қалдырған. Осыдан кейін желі қолданушылары арасында Қоянбаев жол апатына түсті ме деген сұрақ туындады.

Әзірге актердің нақты қандай жағдайға байланысты ауруханаға түскені туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ведомствоның мәліметінше, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдік...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда әлемге әйгілі актер Джеки Чан мен ресейлік танымал рэпер MiyaGI-дің кездесуі желіде қызу тал...