«Сіздердей жұлдыз болғым келеді»: Жанболат пен Жазира балалар үйіне барды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
4424

Өнердегі жарасымды әнші жұп Жанболат пен Жазира балалар үйіне барды, деп хабарлады madeniportal.kz.

Бұл туралы «Әгугәй» ансамблінің әлеуметтік желідегі парақшасында бейне жарияланды.

Бейнежазбада әнші жұп балалар бірге ән айтып, би билеген. Балалар үйіндегі жеткіншектердің көңілін көтеруге тырысқан. Рамазан есімді тәрбиеленуші қос ғашыққа батасын берді.

«Құрметті Жанболат ағай, Жазира апай! Қош келдіңіздер. Менің атым Рамазан. Жасым 7-де. Мен де сіздердей жұлдыз болғым келеді», - деп айтты жетімдер үйінің тәрбиеленушісі.

Сөз соңында Рамазан есімді бала бата беріп, ақ тілегін жолдады.

«Әгугәй» ансамблі Жанболат пен Жазираның продюсерлік ететін жобасы.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қайғылы оқиға болып, 27 жастағы әйел тұрғын үйдің 15-қабатынан құлаған, деп хабарлайды Made...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық балалар ауруханасына 16 жастағы Жаркен Айжан жоспарлы ота жасату үшін өз аяғымен бар...