Концерт Лондонның әйгілі сахнасында өтеді: Димаш әлемдік жұлдызбен дуэт айтады

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
2311

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген бельгиялық әншімен әйгілі сахнада өнер көрсетеді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Лара Фабианның Voices туры аясындағы концертінде отандық танымал әнші Димаш Құдайберген арнайы қонақ болады. 

Бұл туралы ақпарат OVO Arena Wembley Instagram аккаунтында жарияланды. Концерт Лондондағы әйгілі OVO Arena Wembley сахнасында өтеді.

Іс-шараға билеттер сатылып жатыр.