Танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әсерлі жазба жариялады, деп хабарлад...
Көңілдесімен киноға барамын деп әйеліне ұсталған актердің оқиғасы “пранк” емес пе?
Фото: видеодан скриншот
Еліміздегі кинотеатрлардың бірінде келеңсіз оқиға тіркелді. Бөтен қызбен фильм тамашалауға барған актер Бокунов Алишер әйеліне ұсталып қалған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Аталмыш видео желіде кеңінен тарап, қызу талқыға түсті.
"Сен мұнда не істеп жүрсің? Жұмыстамын деп едің ғой! Мен сенің әйеліңмен. Жұмыстас қызбен киноға осылай гүл ұстап келесің бе? Адамдар қараса қарай берсін. Мен сенен 5 жыл гүл алмадым", - деді келіншек ашуға булығып.
Күйеуі болса ешқандай қарсылық көрсетпей, не істерін білмей, әйелін тыныштандыруға тырысқан.
"Біз бір қыз таба алмай жүрсек, бұлар екі қызбен ойнап жүр", "Қандай ауыр сезім", "Сорлы еркек, сол гүлді әйеліңе берсең бақытты боласың ғой", "Қыздар жарады", "Екеуін қосып бірге ұру керек еді", - деп желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
Алайда желі қолданушыларының басым көпшілігі бұл оқиғаның пранк әрі жақында шығатын киноға жарнама екенін жазып, болжам жасауда. Актердің өзі ресми түсініктеме берген жоқ.