Жеңіс Ысқақова отбасылық өміріне қатысты сыр шертті

Фото: әлеуметтік желі

Шоу-бизнес
209

Белгілі әнші Жеңіс Ысқақова отбасылық өміріне қатысты көпшілікке бұрын айтыла бермеген жайттарды бөлісті. Өнер иесі ұлының екі рет үйленгенін айтып, алғашқы некесінің неліктен сәтсіз аяқталғанына тоқталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әншінің сөзінше, бұрынғы келіні бөлек тұруды қалаған. Алайда ұлы ата-анасымен бірге тұру туралы шешімінен бас тартпаған.

"Менің ұлым екі рет үйленді. Оны бүкіл Қазақстан біледі. Алғашқы некесінде келінім бөлек тұрғысы келді. Бірақ ұлым оған келіспей, ата-анасымен бірге тұратындарын айтты. Ол: "Егер бөлек тұрғың келсе, өзің бөлек шыға бер", – деген. Бұл жерде менің ешқандай қатысым болған жоқ. Жастар үйде өздері тұрды. Ол кезде мен жұмыс бабымен Астанада тұрып жаттым. Бұл – екеуінің арасында болған әңгіме.

Мен қайтып келгенде бұрынғы келінімнен: "Не болды? Неге кетуге шешім қабылдадың?" – деп сұрадым. Ол: "Менің сізге ешқандай ренішім, талабым жоқ. Қазір заман осындай ғой", – деп жауап берді", – деді.

Жеңіс Ысқақова бұл жағдайға өзінің араласпағанын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, ұлы мен келінінің арасындағы шешім екеуінің өзара келісімі мен көзқарасына байланысты болған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында оқушыға күш қолданды деген күдікке ілінген мұғалім уақытша ұстау изоляторына қамалд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Каспий теңізіндегі қайғылы әскери оқу-жаттығу кезінде аман қалған сарбаз Бекет Мырзағалиев мерзімді...