Күні кеше жарық дүниемен қоштасқан белгілі ақын Құрманай Бақтиярқызы туралы әнші Жеңіс Ысқақова соңғ...
«Шымкенттегі жағдайға байланысты»: Қайрат Нұртастың анасы шұғыл мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
ашық дереккөз
Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова Шымкенттегі оқиғадан кейін Қызылордада өтетін концертке билет сатылымы қайта басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Продюсердің айтуынша, Шымкенттегі жағдайға байланысты Қайрат Нұртастың Қызылордадағы концертіне билет сату уақытша тоқтатылған. Алайда қазір мәселе шешіліп, билет сатылымы қайта ашылған.
«Шымкенттегі жағдайға байланысты Қызылорда қаласындағы билет сатылымы тоқтатылған болатын. Аллаға шүкір, бәрі орнына келіп, кеше Қызылорда қаласына Ticketon-нан сатылым ашылды. Осыған дейін түрлі сұрақтармен, концерттің анық боларын сұрап, тоқтамай хабарласқандарға жауап болсын», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Сондай-ақ ол бұған дейін билет сатып алған көрермендердің алаңдауына негіз жоқ екенін жеткізді. Олардың билеттері жарамды болып қала береді.
«Бұрын билет алғандар сол билетімен кіре алады. 20 қазан, Қызылорда, күтіңіздер!» – деді продюсер.
Осылайша, Қайрат Нұртастың Қызылордадағы концерті 20 қазанда жоспарланған уақытта өтпек.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте Қайрат Нұртастың концерті кезінде көрермендер арасында дүрбелең туындап, оқиға қоғамда қызу талқыланған болатын.