Жазира Байырбекова өзінің тік мінезінің арқасында айналасындағыларды жиі ренжітіп алатынын мойындады...
«Мақтаншақ, Алла бір күні жазаңды береді»: Ерке Есмахан оқырманынан қарғыс естіді
Сурет ашық дереккөзден алынды
Отбасымен Италияға демалысқа аттанған Ерке Есмахан оқырмандарының бірі көңіл күйін түсіріп қойғанын айтты. Өнер иесі желіде өзін сынап, жағымсыз пікір қалдырған аруға жауап берді, деп жазады madeniportal.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.
Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында Милан қаласынан жаңа фотолар жариялап, көпшілікке демалысы қалай өтіп жатқанын көрсеткен. Алайда әншінің кейбір суреттері оқырмандардың біріне жақпай қалған. Бейтаныс ару оған жағымсыз пікір қалдырған.
«Мақтаншақ, Алла бір күні жазаңды береді. Күте тұр», — деп жазған ол.
Желі қолданушысының бұл сөздері өнер иесінің ашуын тудырған. Ерке Есмахан көп күттірмей, оған желіде жауап берді.
«Осылай қарғайтындай не істеппін? Күте тұр деп қояды. Ал мен сізге бар жақсылықты тілеймін. Әркімнің сөзі өзіне айналып келеді деген қағида бар ғой. Қызметте жүрген, оқыған, қарапайым отбасыдан шыққан қыз сияқты. Бірақ сөздері қандай лас. Түсініксіз», — деп жазды Ерке.