Танымал әнші Мақпал Жүнісова Арман Дүйсеновтың ұлының қазасына көңіл айтты, деп хабарлады madeniport...
«Мас күйінде Құранды мазақ қылды»: Танымал блогер желіде тараған әңгімеге жауап берді
Сурет ашық дереккөзден алынды
Әлеуметтік желіде танымал блогердің тойда құран аяттарын оқығаны қызу талқыға түсті. Блогер Жұлдыз Жауынбаева алып-қашпа әңгіме ескендерге желіде жауап қатты, деп хабарлады madeniportal.kz Massaget.kz -ке сілтеме жасап.
Блогер желіде тараған видеоға пікір білдірді. Оның сөзінше блогердің артынан айтылған "ащы суға тойып алған" деген жалған әңгіме.
"Менің артымнан әңгіме желдей есіп жатыр. Дайрект жарылып жатыр. Жаңалықтарда ащы суға тойып алған Жузефина деп жазып жатыр. Рақмет! Ал жанымда хиджабтағы қыздар тұрғаны, халал отырыс болып жатқанына бәрібір. Халық теледидар қарамай кетті деп, енді мені шығарып қаралым жинап жатсыздар ма сонда?" деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айтай кетейік, талқыға түскен видеода қазақша рэп оқып жатқан Айшолпан есімді блогердің қолындағы микрофонға талас басталып, Жұлдыз Жауынбаева оны тартып алып, "мен де өнерімді көрсеткім келеді" деп Құран аяттарын оқыған еді. Жұрт блогердің бұл пікірін сынға алып, түрлі әңгіме тараған еді.
Жұлдыз Жауынбаева - ғаламтор кеңістігінде Juzzefina лақап атымен танымал, қазақстандық блогер және кәсіпкер. Ол өзінің ерекше контенті арқылы әлеуметтік желілерде танымалдыққа ие болды.madeniportal.kz