Қазақстандық эстрада жұлдыздары Рамазан айында Шамалған ауылы имамына көлік мінгізді. Бұл туралы Ерғ...
«Махаббат керек»: Жұлдыз Әбдікәрімова оператор жігіттің жұмысын ұнатып қалғанын айтты
opennews.kz
4123
Жұлдыз Әбдікәрімова өзін теңіз жағасында видеоға түсірген жігіттің жұмысына баға берді, деп жазды madeniportal.kz.
Актриса әлеуметтік желідегі парақшасында Каспий теңізінің жағасында жүрген сәті түсірілген видеоны жариялады. Кадрдан оның көшеге лайықталған киіммен теңіз жағасындағы тастардың үстінде жүргенін көруге болады. Оператор кейіпкерін бірнеше ракурстан сәтті түсірген.
«Қандай кәсіппен болсын, өз маманы айналысу керек деген пікірдемін. Ол үшін ісіңе деген махаббат керек. Сол жолда үнемі дамып отыратын білімді тоқтатпау ләзім. Төзім мен практика үздіксіз болса ғана, өз кәсібіңнің хас шебері бола аласың. Ондай адамдарды ісінен танисың. Бұл видеоны түсірген жігіт осындай ой салды», - деп жазды актриса.