«Мазаққа айналдыратындар бар»: Дина Төлепберген алғаш рет күйеуін көрсетті

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
1505

Танымал тележурналист және продюсер Дина Төлепберген алғаш рет жұбайының фотосын жариялап, ер мен әйелдің қарым-қатынасы туралы ойын бөлісті, деп хабарлады madeniportal.kz.  

Ол 2010 жылы болашақ күйеуінің көлігінің есігін ашып тұрғанын көрген әріптестерінің мазағы әлі күнге дейін есінде екенін айтты. Дина ер адамның әйелге көрсететін қарапайым құрметін кейбір адамдардың мазаққа айналдыратынын атап өтті.

“Ол саған есік ашып жүр ме, сонда?! Әріптестерімнің осы бір мазағы әлі күнге дейін құлағымда. Олар менің болашақ жұбайымның жұмыс алдына келіп, көлігінің есігін ашып тұрғанын көрген екен. Әлдеқайдан бір әңгіме естіп алғандай, мысқылмен күлкісін жасыра алмай отыр. Бұл 2010 жыл еді… Қазір 2025. Он бес жыл өте шығыпты, бірақ таңғалатыным – ештеңе өзгермеген. Әйелге есік ашу, пальтосын киюге көмектесу, жаңбыр жауса қолшатырды ұстау, шотты төлеу – осылардың бәрі әлі бітпейтін тақырып. Ең қызығы – еркектің қарапайым құрметін кей “данышпандар” мазаққа айналдырады”, – деп жазды журналист.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Австралияның Сидней қаласында белгісіз екі адам Бонди-бич жағажайындағы адамдарға оқ атты, деп хабар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан құрамасы Дубай қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындарында 68 медаль...