Атақты әнші Айбек Жансейітов кино түсіруге бөлінген 160 мың доллар қаржысынан айырылғанын мәлімдеді,...
«Мен үшін олардың жүрегі жоқ»: Баян Алагөзова қандай адамдарды өмірінен сызып тастайтынын айтты
ашық дереккөз
Белгілі продюсер Баян Алагөзова Жапонияға сапары кезінде өзін қатты толқытқан оқиға туралы айтып берді. Токиодағы әйгілі Хатико итінің ескерткішіне барған өнер иесі бала кезінен жүрегінде қалған ауыр естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қазір Баян Алагөзова отбасымен бірге Жапонияда демалып жүр. Токио қаласын аралаған продюсер Сибуя теміржол станциясының жанында орналасқан Хатико ескерткішіне арнайы барған.
Осы сәт оған кезінде қатты әсер еткен екі фильмді еске түсірген. Продюсердің айтуынша, ол иттер туралы мұңды оқиғаларды көруге қиналады.
«Менің жүрегімді қатты жаралаған, ең ұнатпайтын фильмім – "Ақ Бим – Қара құлақ". Оны өмірімде бір-ақ рет көрдім. Сол кезде жүрегім мың бөлшекке бөлінгендей болды», – деді Баян Алагөзова.
Продюсер аталған фильмді көргеннен кейін оны енді ешқашан қайталап қарамауға өзіне уәде бергенін айтты.
Ал «Хатико: Ең адал дос» фильмі де оған ерекше әсер еткен. Бұл туындыны есейген шағында көрсе де, ауыр әсерден арыла алмаған.
«Неге екенін білмеймін, бірақ иттер туралы қайғылы оқиғаларды көргенде жүрегім қатты ауырады. Хатико өз иесін дәл осы жерде он жыл бойы күткен», – деп жазды ол.
Баян Алагөзова жануарларға қатыгездік танытатын адамдарға деген көзқарасын да жасырмады.
«Өмірде жануарларға, әсіресе иттерге жаман қарайтын адамдарды байқасам, олардан бірден алыстаймын. Мен үшін олардың жүрегі жоқ», – деді продюсер.
Айта кетейік, Хатиконың оқиғасы бүкіл әлемге адалдық пен шексіз берілгендіктің символы ретінде танылған. Иесі қайтыс болғаннан кейін де ит ұзақ жылдар бойы Сибуя станциясына келіп, оны күтуді жалғастырған.
Баян Алагөзованың Жапониядан жариялаған жазбасы 9 қарашада көпшілік назарына ұсынылды.