SayMo-ға турнирдің президенті сахнада ұсыныс жасады

Фото: ЖИ көмегімен

Шоу-бизнес
77

Алматыда өтіп жатқан Media Basket Almaty турнирі спорт пен ойын-сауықты қатар ұштастырып, көрермендерге ерекше атмосфера сыйлап жатыр. Кезекті кештердің бірінде жанкүйерлер күтпеген көріністің куәсі болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Кеш қонақтарының бірі — танымал әнші Say Mo. Ол шарада хедлайнер ретінде өнер көрсетіп, көрермендерге өз шығармашылығын ұсынды. Концерттік бағдарламадан кейін сахнада Media Basket ұйымдастырушысы Евгений Булатов пен Say Mo арасында ерекше көрініс орын алды. 

Евгений Булатов сахнада Say Mo-ға ұсыныс жасағандай болды. Алайда әнші оған «жоқ» деп жауап берді. Күтпеген сәтті көрген көрермендер не болып жатқанын бірден түсінбей, жағдайға сеніп үлгерді. 

Дегенмен көп ұзамай бұл көріністің шынайы ұсыныс емес, алдын ала дайындалған пранк екені белгілі болды. Евгений Булатов пен Say Mo болған жайттың арнайы ұйымдастырылғанын айтып, көрермендерге тосынсый жасағандарын түсіндірді. 

Айта кетейік, Media Basket — медиа саласының өкілдері, блогерлер, танымал тұлғалар мен спортқа қызығушылық танытатын адамдар бас қосатын баскетбол жобаларының бірі. Турнир аясында спорттық бәсекелермен қатар, көрермендерге арналған ойын-сауық бағдарламалары мен танымал қонақтардың өнер көрсетуі де ұйымдастырылады. Осы ерекшелігі Media Basket-ті тек баскетбол жанкүйерлері үшін ғана емес, кең аудитория үшін де қызықты етеді. 

Ал Алматыдағы турнирдің бұл эпизоды кештің есте қаларлық сәттерінің біріне айналды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанайда жас келін екі қайын әпкесінен қысым көргенін айтып, полицияға арызданды. Бұл туралы журна...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасы Құрылтайына депутаттарды сайлау бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижелері жа...