Нұрлан Әлімжан мен Айкерім Қалаубаеваның достығы қызу талқыға түсуде

Фото: видеодан скриншот

Шоу-бизнес
1302

Әлеуметтік желілерде әншілер Нұрлан Әлімжан мен Айкерім Қалаубаеваның достығы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Интернет кеңістігінде тараған видео мен фотосуреттерде өнер иелерінің бір-бірімен етене араласқаны байқалады.

Осы көріністер желі қолданушылары арасында түрлі сұрақ туғызып, пікірталасқа себеп болды. Өнер иелерінің бұл видеосына: «Жұбайлары бұған қалай қарайды екен?», «Екеуі үнемі қатар жүретін сияқты», «Шамадан тыс жақын емес пе?» – деген пікірлер жазылуда.  

Ал тағы бір топ желі қолданушылары олардың арасындағы қарым-қатынасты өнердегі әріптестік деп бағаласа, өзгелері ерекше байланыс болуы мүмкін деген ойларын білдіріп жатыр.

Алайда әзірге Нұрлан Әлімжан да, Айкерім Қалаубаева да бұл мәселеге қатысты ресми пікір білдірген жоқ. 

СПОРТ

Павлодарда жекеменшік клубтар арасындағы волейболдан Қазақстан біріншілігі кезінде Шымкент волейбо...

Шоу-бизнес

Әнші Еркеш Хасенмен көңіл жарастырған актриса Жанель Серғазина әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшіл...