Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде отбысылық суреттерін жариялады, деп хабарлады MADENIPORT...
«Осыншалықты ушығып кетеді деп ойламадық»: Қарақат Әбілдина оқырмандарына жан сырын ақтарды
ашық дереккөзден алынған
Танымал әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан Тұрсынбек пен Мөлдірдің өміріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Әнші бірінші болып жазба жарияламаған себебін айтты.
«Неше күн бойы жұрттың бәрі жарыса жазып жатқан подкастты мен де алғашқылардың бірі болып көрдім. Мөлдірдің жан сырын тыңдап, жылап та алдым. Жақсы танитын, төрінде отырып, құрметін көрген, бақытты сәттерінің куәсі болған отбасының шаңырағы шайқалғаны оңай тимей тұр. Бірінші күні эмоцияға беріліп пост жазбағаным да содан. Бірін даттап, бірін ақтау емес менің мақсатым. Екеуін де жақсы көретін жандар ретінде, мәселенің басы шығып, ел дүрліге бастағанда бір көйлек ерте тоздырған апайы әрі жанашыры ретінде “ақылға келіңдер” деп тоқтау айтқаным бар. Танымал адамдар болған соң, халықтың қырағы көзі бәрін байқайды. Бірақ осыншалықты ушығып кетеді деп ойламаған едік», – деп жазды Қарақат Әбілдина.
Қарақат Әбілдина отбасылық құндылықтар бәрінен жоғары екенін атап өтті.
«Сонда деймін, біреудің айрандай ұйып отырған отбасын ойран ететін қатындар не ойлайды екен?! Басқаның бақытын ұрлап, өзі бақытты болам деу нағыз адасқандық! Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді. Сен кездесіп жүрген, «сүйем», «сағындым» дейтін еркек біреудің өмірлік жары, бір үйдің тірегі, бір баланың асқар тау әкесі. Сол бақытты тартып алып, не күтесің? Бақыт па? Жоқ! Бақыт ешқашан біреудің көз жасынан, қарғысынан, обалынан құралмайды! Нағыз бақыт адал жолмен, армен, ұятпен, сауаппен келеді! Есіңді жи! Көз жасы жібермейді, Алланың қаһарына ұшырап қалма, біреудің отын өшірем деп, өзіңнің де шырағыңды сөндіріп алма! Көпке топырақ шашудан аулақпын, дегенмен әйелінің қадіріне жете алмай жүрген ер адамдарға да айтатын сөз бар: Сіздің абыройыңыз үшін жастық шағын, бүкіл өмірін сарп еткен, ыстығына да, суығына да көнген, ұясын қызғыштай қорғап, отбасын сақтап қалу үшін соңына дейін баратын әйелдеріңізді құрметтеп, бағалаңыздар! Өмірде түрлі жағдай болады. Кім қателеспейді, жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ дейді. Ойлануға уақыт керек шығар. Құдай қаласа осы ауыр сынақтан да аман-есен шығып, отбасының сол байырғы әдемі күйге келетінінен үміт үзбейік. Тілектеспіз. Көпке үлгі отбасының бірі еді, бәлкім, тіл-көз тиген шығар. Сондықтан да ушықтырудың, оны одан сайын үдетіп қайта-қайта жазудың еш қажеті жоқ. Біз - текті елдің ұрпағымыз. Отбасы біз үшін киелі ұғым. Алланың атымен құрылған ақ некені бұзуға ешкімнің хақысы жоқ. Ешкімді түзу жолдан адастырмасын!», - деді әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.