Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуі Райммен арақатынасы жайлы айтты, деп хабарлады madeniportal.kz. Өн...
«Сені шексіз сүйемін»: Мөлдір Әуелбекова 18 жасындағы оқиғаны есіне алды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова Алматыға алғаш рет қалай келгенін айтты, деп хабарлады madeniportal.kz
«Мен Алматыға 21 жыл бұрын, 18 жасымда келдім. Сол кезде бұл қала мен үшін алыстағы ала алмайтын қамалдай көрінетін. Жолым мен мүмкіндіктерім анық емес, армандарым алыста сияқты еді. Бірақ, Алматы уақыт өте келе, әрбір адамды құшақ жая қарсы алып, жаңа бастамалар мен биік асуларға жетелейтін есіктер ашатынын түсіндірді», - деді әнші.
Алайда өнер иесінің армандарын да орындаған дәл осы Алматы қаласы екен.
«Қазір Алматыда өніп-өркендеп, керемет өмір сүріп жатырмын! Бұл қала менің армандарымды жүзеге асырып, мені үлкен жетістіктерге жетеледі. Алматы мен үшін тек қала емес, ол менің өмірімнің бір бөлігі, жүрегімнің терең түкпірінен орын алған арманымның жүзеге асқан жері. Мені шын бақытқа бөлеген қала — Алматым! Сені шексіз сүйемін!», - деді Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі жазбасында.