Атышулы Айжан Байзақова оқырмандарымен сырласып, отбасылық сұрақтарға жауап берді, деп жазады madeni...
«Мейрамбекке айтып, Тұрсынбекке тигізді»: Роза Рымбаеваның сөзі елді шулатты
коллаж
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева өнердегі ер азаматтарға үндеу жасап, олардың жетістігінің артында жұбайларының үлкен еңбегі тұрғанын айтты. Әнші Мейрамбек Бесбаевтың шығармашылық табысқа жетуінде де жарының қолдауы маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz
Роза Рымбаева көпшілік алдында өнер адамдарының отбасылық өміріне тоқталып, сахнадағы танымалдылық пен жетістікке жетуде әйелдердің еңбегі елеусіз қалмауы керектігін жеткізді.
«Жігіттер, сіздерге айтарым бар. Мейрамбек сияқты барлық өнер жұлдызы отыр. Сіздердің осылай еркелеп, халықтың алдында жұлдыз болып жүргендеріңіздің артында жұбайларыңыз тұр. Сіздер алысқа кеткенде балаларыңызды күні-түні жалғыз бағып, үйге келгенде тамағын дайындап, айлап күтіп отыратын осы жан-жарларыңыз ғой», – деді әнші.
Өнер иесі Мейрамбек Бесбаевтың жұбайына да ерекше тоқталды.
«Қосағыңмен қоса ағар дейді. Мейрамбектің осындай жұлдыз болып жүргені осы жұбайының арқасы деп ойлаймын. Отбасылық бақыттың өмірде үлесі көп», – деді Роза Рымбаева.
Әншінің бұл сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Кейбір желі қолданушылары Роза Рымбаеваның айтқанын әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа қатыстырып, оның отбасылық өміріне тұспал жасаған болуы мүмкін деп болжады.
«Мейрамбек, саған айтам. Тұрсынбек, сен тыңда», «Мына тілекті тыңдағанда Тұрсынбек пен Айман не ойлады екен?», «Тұрсынбекке тиіп кеткен шығар», «Легенда апамыз дұрыс айтты», «Роза апай әдейі айтты. Мөлдірмен бірнеше жобада бірге жүр. Тұрсынбектің бетіне басу үшін айтты», – деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, бұл сөздер Мейрамбек Бесбаевтың 50 жас мерейтойында айтылған. Мерекелік кешке Тұрсынбек Қабатов та Айман Талғатқызымен бірге қатысқан.