Әнші Ерке Есмахан жақында болатын туған күнін атап өтпейтінін айтты, деп хабарлады madeniportal.kz....
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі ажырасу жайлы сұраққа жауап берді
Сурет ашық дереккөзден алынды
Әлеуметтік желілерде соңғы кездері кеңінен таралған Тұрсынбек Қабатов пен оның жұбайы Мөлдір Мұқановаға қатысты түрлі әңгімелерге байланысты Мөлдір ханым алғаш рет өз көзқарасын білдірді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Ол "Жарқыраған жұлдыз" бағдарламасына берген сұхбатында жеке өмірі жайлы әңгімеге нүкте қоюға тырысты.
«Жеке өмірім туралы көп айтқым келмейді. Бұл – менің шешімім. Ал Тұрсынбекке қатысты сауалдарыңызды өзінен сұрағандарыңыз жөн. Ол кісінің жеке парақшасы, көмекшілері бар. Жалпы, бәрі қалыпты жағдайда», – деді ол қысқа ғана пікір білдіріп.
Соңғы уақытта интернетте әзілкештің жеке өміріне қатысты түрлі пікірлер айтылып жүр. Кейбір бейресми дереккөздер мен желі қолданушылары оның ажырасқаны немесе жаңа отбасын құрғаны туралы болжам таратқан.
Дегенмен бұл ақпараттар әзірге ресми түрде расталған жоқ.