«Қолымнан келеді деп ойлаймын»: Мейрамбек Бесбаев жаңа салаға бет бұрғанын айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
445

Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев кино түсіруге ниетті екенін айтып, сценарист мамандарға үндеу жасады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Әнші Instagram желісіндегі парақшасында сценарист іздеп жатқанын айтып, жазба жариялады. 

«Қазіргі кездері «кино» түсіргім кеп жүр. Қолымнан келеді деп ойлаймын. Фильмге жақсы сценарий болса бірге жұмыс істеуге дайынмын. Күзге дейін қабылдаймыз. Қай жанрда түсірейік? Ойларыңызды жазыңыздар. «Енді сен қалып ең кино түсірмеген» дейтін достар, әлі бастаған жоқпын, уайымдамаңыздар!», – деп жазды әнші желі парақшасында.

Желі қолданушылары әншінің бұл бастамасына сәттілік тілеп, қолдау білдірді.

«Тарихи кино түсіріңіз. Күлкілі кино керек емес», «Бала Мейрамбектен аға Мейрамбекке дейінгі оқиғаны суреттейтін фильм күтемін», «Жас буынға үлгі болатындай, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін кино болса», «Мән-мағынасы келіскен кино шығарына сенеміз, өйткені сіз өнердің өз адамысыз, сәттілік», «Өзбекәлі Жәнібеков туралы түсірсеңіз қалай болар екен?», «Естай» фильмін түсіру керек, досым»,  – деп жазды оқырмандар.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Желіде кәмелетке толмағандардың қатысуымен порнография анықталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ&nbs...

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) наурыз айындағы сынағында ең жоғары 140 балл жинаған талапкер анық...