«Төреғалидің атасы ма?»: Қайрат Нұртасты шошытып алған қария кім?

Фото: видеодан скриншот

Шоу-бизнес
650

Әнші Қайрат Нұртасқа концерттердің бірінде тілегін айтпақ болған қария оны шошытып алды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Қайрат Нұртасқа тілегін айту үшін белгісіз қария сахнаның алдына келіп, әншіні жанына шақырып алды. Көрерменінің бұл әрекетіне кішіпейілділік танытып, жәй сөйлеген әншінің әрекеті көпшілікті сүйсінтті. 

«Рақмет. Ашуланбаңызшы. Қорқып кеттім ғой», - дейді Қайрат Нұртас қариядан ұзай беріп.

Жұрттың пікіріне сүйенсек, ән кеші жуырда Шымкентте өткен. Әлеуметтік желіде таралған видеоға қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Бірі ол кісіні әнші Төреғали Төреәлінің атасы ма деп таңданса, бірі Қайрат Нұртастың әрекетіне қолдау білдіріп жатыр. 

«Төреғалидің атасы ма деп қорқып кетті», «Шығып кетсін бе, ағайын?», «Әбден жүректері шайлығып қалған ғой», - деп жазды желі қолданушылары. 

Шоу-бизнес

Танымал өнер иесі Сәкен Майғазиев Шымкент қаласының әкім орынбасары Руслан Берденовке қатысты пікір...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбедегі «Батыс-3» шағынауданындағы балалар алаңында жылан жайлаған, деп хабарлады MAD...