Әлеуметтік желіде Жұмабек Жанықұловтың экс-жұбайының Динара Сәтжанмен салыстырған фотолары тарады, д...
«Ұрлықты қашан қоясың»: Қайрат Нұртастың басы тағы дауға қалды
Ашық дереккөздерден
Әлеуметтік желіде журналист Ербол Мәндібек әнші Қайрат Нұртас туралы сөз қозғады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Журналисттің сөзінше Қайрат Нұртас Самат Жанғазиннің әнін рұқсатсыз иемденіп алған. Тіпті авторға хабарласып ескертпегенңн алға тартты.
"Қайреке ұрлықты қашан қоясың? Обалды ойласаңшы! Қазақ эстрадасында дау басталды. Қайрат Нұртас жас әнші Самат Жанғазиннің әнін үфтеп кетіпті.
Самат Жанғазин "О махаббат ғажапсың" атты әнге авторлық права алған. Оған дейінгі еңбегін, уақытын, жұмсаған ақшасын жыларман болып айтып отыр.
-Қайрекең қаз қалпында құдды өз әні сияқты соғып жүр. Бір ауыз рұқсат сұрап адамгершілік танытпады деп ашуланды ән иесі.
Авторлық құқық туралы заң бар. Бұл заңды профессиональный әншілердің барлығы білуі шарт. Қайраттың командасы бар. Оның құрамында жеке заңгерлері және бар. Қайрат заңды білмеуі мүмкін. Бірақ маңайындағы мамандар ай қарап жүр ме? Әлде атағым айға жетеді, маған бәрі рұқсат деген сөз бе?
Ең қызығы сол, Қайрекең әннің иесіне әлі күнге хабарласпаған. Ал оны Самат сотқа берсе қанша ақша талап етуге құқылы? Қалай дегенмен де бұл оқиға қазақ эстрадасына сабақ болуы тиіс.
Америка, Еуропада авторлық құқық заңмен қатаң қорғалады. Ол жақтың жұлдыздары заңға тойып алған. Туынды шығармас бұрын ең әуелі құқықтық тәуекелдерін есепке алады. Себебі олар ақшадан бұрын абыройды ойлайды. Өкінішке қарай қазақ эстрадасы бір-бірін ашық "тонауды" әлі тоқтатар емес.
Қайреке, ізіңнен ерген інілеріңді қазақы қалыппен құрметтесең дәрежең өседі ғой. "О махаббат ғажапсың" деп тойдан миллиондап тауып жатсың. Ендеше автордың еншісіне еңбегін берсеңші...", - дейді Ербол Мәндібек.