"Бірнеше диагноз болса да": актриса Дариға Бадықова денсаулығы сыр бергенін айтты

Дариға Бадықованың инстаграм парақшасынан

Шоу-бизнес
3419

Дариға Бадықова Instagram-дағы парақшасында ауруханада түскен суретін жариялап, ерекше жазба қалдырды. 

Актриса көпшілікті барынша ауырмауға тырысуға шақырды. 

“Бірнеше диагноз болса да, "қойшы, мен осылай ауырамын ба?" дедім. 

Айтайын дегенім, кейінгі кезде ел аман, жұрт тыныш болса да қиын емес дүниелерді қиындатып жібердік. Кей адамдарға жерді басып жүру де міндет болды. Тым көкіп кесірленбейік! Әр түрлі коучтарды тыңдап құтырмайық" – деп жазды өнер иесі. 

Сонымен қатар кино жұлдызы адамдардың мінез-құлқына қатысты ойын айтты. 

“Одан кейін түсінгенім өзің қара күштің адамысың. Қасыңда мықты көмекшілер болу керек! Күштің адамы күшсіз адамға талап қойғанда ана адам есінен танады. Күшсіз адамның айтар сылтауы көп болады. Ісі ұзақ бітеді. Шайнап жүретіндер де жүйкеңді алады екен", - деп жазды Бадықова.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үлкен Алматы шыңында 3680 метр биіктікте 2005–2006 жылы туған үш жас таудан өздігінен түсе алм...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...