«Жас қыз сияқтысыз»: Мадина Сәдуақасованың жаңа образы елді сүйсіндірді

әлеуметтік желі

Шоу-бизнес
151

Қазақстандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова әлеуметтік желіде жаңа суреттерін жариялап, оқырмандарының ыстық ықыласына бөленді. Өнер иесінің Шымкенттің түнгі көрінісі аясында түскен фотолары көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әнші желідегі парақшасында әдемі көйлегі мен гүл шоқтары үйлесім тапқан суреттерін бөлісіп, ерекше көңіл күйін жеткізген.

«Бұл суреттерде бәрі тамаша — өзім де, Шымкенттің түнгі оттары да, көйлегім де, гүлдердің жұпары да», – деп жазды Мадина Сәдуақасова.

Өнер иесінің өзіне деген сенімділігі мен жарасымды образы желі қолданушыларының да көңілінен шыққан.

Әсіресе әншінің нәзіктігі мен сымбатына тәнті болған оқырмандар жылы лебіздерін жаудырған.

«Керемет!», «Қандай нәзіктік!», «Жас қыз сияқтысыз», «Сізге өте жарасады», «Әрдайым осылай жарқырап жүріңіз», – деп жазды желі қолданушылары.

Жанкүйерлері әншінің жарасымды киім үлгісін ерекше атап өтіп, оның әрдайым өзін күтіп, әдемі қалпын сақтап жүретініне сүйсінген.

Мадина Сәдуақасованың бұл жолғы жазбасы да көпшіліктің көңілінен шығып, әлеуметтік желіде жылы пікірлерге ұласты.

Шоу-бизнес

Қазақстандық актер Аян Өтепберген Испанияда өткен халықаралық кинофестивальде “Үздік актер&rdq...

СПОРТ

Алматыда 955 мың тұрғын спортпен тұрақты айналысады. Қаладағы тегін жобалар, марафондар мен өзге де...