«Жылап жатып қалдым, ауруханаға түстім»: Айнұр Тұрсынбаева жан сырын ақтарды

ашық дереккөз

Шоу-бизнес
545

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева қаржылық қиындыққа тап болып, қарызға белшеден батқан кезін еске алды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оның айтуынша, бұрын бастаған кәсіптері сәтсіз аяқталып, қаржы пирамидаларына алданып, қалған ақшасынан да айырылған. Соның салдарынан денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түскен.

«Сатуды білмеймін, бірдеңе бастасам, банкротпен бітетін. Пирамидаларға кіріп, қалған ақшамнан айырылып, қарызға белшеден баттым. Жылап жатып қалдым, ауруханаға түстім. Тіпті өмір сүргім келмейтін сәттер болды, тоғыз айдай қалыпты өмірден ажырап қалдым», – деді ол.

Айнұр Тұрсынбаева кейін өміріндегі қиындықтарға басқаша қарап, олардың себептерін түсіне бастағанын жеткізді.

«Неге қиналғанымды, қарызға кіргенімді, неліктен ажырасқанымды – бәрін түсініп, қайта еңсемді тіктедім», – деді айтыскер.

Ол осы кезеңнен кейін өмірге деген көзқарасы өзгергенін атап өтті.

Әлем

5 қарашада Еуропада кемінде 12 жолаушылар рейсіне бомба қойылғаны туралы қауіп-қатер хабарламалары т...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордания королі ІІ Абдалла бір-біріне мемлекеттік наградаларын таб...