Көрнекі сурет интернеттен ашық ақпарат көзінен алындыДәстүрлі энциклопедиялық анықтамаға жүгінсек, б...
Ақмола облысының қай ауданына барсаң да Ресей мемлекетінде жүргендей боласың
1838
Белгілі журналист, «Отандастар қоры» мемлекеттік коммерциялық емес акционерлік қоғамының вице-президенті Мәди Манатбек «facebook-тегі парақшасына: «Ақмола облысы Аршалы ауданында Шекер Хасенқызы деген нотариустан басқа, кісімен дұрыс сөйлесе алатын нотариус бар ма? Нотариустың қызметі ақылы екенін білеміз, төлеуге дайынбыз. Аршалы ауданынан таныс нотариус болса байланыс нөмірін жіберсеңіздер. Ал енді мән-жайды айтайын. Құжат реттеу мәселесімен Ақмола облысы Аршалы ауданындағы Шекер Хасенқызы Амралина (атасының аты Әмірәлі болса керек) деген нотариусқа келдік. Адам үстіне адам қабылдап, зіркілдеп сөйлегеніне қарағанда сот, прокурор, тергеуші ме деп қаласың. Онысы аздай, құжаттарыңды дайындап күтіп отырыңдар деп көлігіне мініп, кетті де қалды. Сұрастыра келе, бұл Аршалы ауданында жұмыс істеп тұрған жалғыз нотариус дегенді естідік. Кісідегінің кілті аспанда деген осы болса керек. Аршалы ауданынан басқа нотариус іздеп жатқанымның себебі осы. Айтпақшы, Ақмола облысының қай ауданына барсаң да көрші Ресей мемлекетінде жүргендей боласың. Жер, су атаулары да орысша, қызмет көрсетіп отырғандардың да дені орыстілді. Бұны өз көзіңмен көрмей сезіну, сену қиын. Жаңа сайланған әкім Ермек Маржықпаев пен оның командасына идеологиялық жұмыстың ақсап жатқанын, мықтап қолға алмаса болмайтынын айтқым келеді», - деді. Бұған дейін Ақмоланың облыстық театры туралы ащы шындық деген мақаламыз жарияланған болатын.
Фотосурет Мәди Манатбектің facebook-тегі парақшасынан алынды
madeniportal.kz