Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт ТоқаевҚазақстан Республикасының Президенті Қасым-Ж...
Құрметбек Сансызбайұлы. Ниетің оң болсын!
1610
Мақтау қауіпті нәрсе.
Мақтаудың екі түрі бар:
Біріншісі-қара ниетті мақтау,
Екіншісі-ақ ниетті мақтау.
Бауыржан Момышұлы.
Адам не тапсада ниетінен табады. Сіздің ниетіңіздің таза екенін халық, адалдық қасиетіңіз бен ар-ұятыңызға қарай бағалайды. Халықта «Ниетті бұзушы-нәпсі, қорғаушы-ар», - деген даналық бар. Сіз, өмір талабына сай өз қажеттілігіңізді қанағаттандыру жолында қызығушылығыңыз бойынша арман, мүддеңізге жету үшін адал ниетіңізбен мақсат қоясыз. Ниетіңіз оң болмаса қойған мақсатыңызға жете алмайсыз... Бұл жаратылыс заңдылығы. Әуелі Аллаға деген адалдығыңыз! Ниеттің бар құдірет күші осында.
Құрметбек Сансызбайұлы
Себебі ол сіздің табиғат болмысыңыздың куәсі. Адам өзін-өзі өмір бойы біліп, билей алмай кетуі де әбден мүмкін. Өзіңізді билеудегі ақиқат осы - Ниетіңіз. Оны, өкінішке орай көп адамдар тым кеш түсініп жататыны да өмір шындығы. Ниетіңіздің өзгеруіне тағдырыңыздағы талаптар да әсер ететіні анық. Оған жол бермеу тек сіздің адалдық қасиет, пейіліңізге қатысты. Салиқалы мәдениеттілік болмысыңыз ниетіңіз бұзылуына жол бермейтінін өзіңізден артық ешкім де жете біле алмас. Сондықтан да өзіңнен күніне болмаса аптасына бір рет есеп алып тұр деп бекер айтпаған ғой.
Өйткені сіз де пендесіз. Пендешілікті біліп-білмей жасау немесе мәжүбірлі түрде жасау ол сізде ғана емес патшада да бола беретін құбылыс. Сондықтан да адамзат өмірінде өзгерістер болып заманның-қоғамның құбылып тұратыны да осы ниетке тікелей қатысты. Ал, Алла тағала ерекше қабілет-дарын берген жандар өзгерістер жасап өз өмірінде “тарихи тұлға” болып қалуға барынша құлшыныс жасау жолында “ниетінің” оңды-солды кетіп қалғанын өзі де дер кезінде жүгендеп-жүйелей алмай да қалатыны да бар. Соңғы кездегі биологиялық қақтығыстың дерті болып тарап кеткен Коронавирус індеті осының бір көрінісі.
Кейбір адамдардың жақсы қасиет-адалдықтарын соңғы нәпсі жеңісі жойып халықтың сенімінен шығып қала беретіні де баршылық. Бұған ол адам өзі емес қоршаған ортасы яғни қолдаушылары, пір тұтып мадақтаушыларының ниеттері барынша себепші болуы да бек мүмкін... Бұл, халықтың ішінде ақиқат, тарихи шындық болып жалғасын тауып ұрпақтан-ұрпаққа ауыз әдебиеттің ақын-жыраулардың жеткізуімен тарап кете барады. Сол үшінде халық оларды пір тұтып құрметтегені де ақиқат. Қазіргі кездегі жаңа кино, әдеби шығармалар, әзіл-сықақ, сақыналық қойылымдар, ақындар айтысы, желілердегі желдей ескен жазба-мақалалар, теле арналардағы рухани жоба бағдарламалардың түп-тамырын зерделеп сараласаңыз “ниеті” бүгінгі қоғамдағы болып жатқан жақсы мен жамандықты көз алдыңызда дәріптеуі көкірекке ой салатынын да күнделікті өмірден білесіздер...
Айтпағым: «Қазақ қоғамындағы жүйе, қазақтың да қазақ елінде өмір сүріп жатқан басқа ұлт пен ұлыстың да НИЕТІНІҢ оң болуын қадағаласын» дегенім. Ниеті бұзықтар қоғамды, елді, жерді бұзады! Сақтанайық!
Облыс көлемінде облыс әкімінің ниеті, халқына ұлтына деген көз қарас пиғыл-пейлі қалай болса барлық бағынушы билік өкілдері мен кадрларының ниеті де солай бағынышты болмақ. Деседе әкімнің ту бастағы адал ниетін өзгертетін жайттар да жоқ емес. Ол кадрлардың әкімге күнделікті жеткізіп отырған ақпарат, мәлімет ұсынымдарына тікелей қатысты. Сөз бен істің оңтайлы жүйесі осы кезде сынға түседі. Міне “әкім бол, халқыңа жақын бол”, - деген қағиданың мәнісі де осында болса керек. Әкімдер, басқарып әдістемелік ақыл кеңес беретін, талап ететін міндеттер жетіп артылады. Ол тұрғыда ақыл қосатындары да шамалы. Ал халық арасында не болып жатыр, не болмай жатыр қазақ ұлтының мүддесі, ел мүддесі, басқа ұлт-ұлыстар қатынасы, адамдардың наразылығына қатысты туындап жатқан келеңсіздіктер мен оның салдарынан ушығып кетуі мүмкін жағдаяттарды халықпен қоян қолтық араласу нәтижесінде зерделеп, сараптап әкімге ұлтжандылық ниетпен жеткізу ол тек елін сүйген, елінің қамын ойлаған, зиялы жан мен білікті кадрлардың ғана адал ниетінен айқындала туындайтын оңтайлы іс! Мұндай кадрлармен әкімнің бағындырар биігі, жетер шыңы жеңісі мен еңбегінің жемісі болып ел есінде аты да заты да қала беретіні тарихи шындық. Басшыны жан-жақты өсіретін де кадр, өшіретінде кадр.
Отанының тұғыры берік болып көк туы мәңгі желбіреп тұруына тікелей үлесті әрбір отбасы мүшелерінің де ниеті және ниетінен туындайтын мақсат мүддесі оңтайлы болуы да өте маңызды. Отбасының әрбір мүшесінің туа біткен мінездері мен тағдырларына қатысты жанама қалыптасқан мінездері олардың жеке қажеттіліктеріне сай ниеттерінің өзгеруіне тікелей әсер ететінін ата-анасы қалт жібермей бақылауы олардың ата-аналық парызы. Қалт кеткен тұстары отбасының тату тәтті сыйластығына әсер етеді. Тоқтата алмаса бұл дерт дос жаран, аралас-құралас жандары арқылы қоғамға әсер етпей қоймайды. Егер қыз-келіншектер ниеті бұзылса ұлт болашағы үшін аса қауіпті айтуға да қорқынышты. “Әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді”-деп атам қазақ ниетке қатысты айтса керек. Бір отбасына сөзі өтпеген кейбір жандардың Отаны мен ел алдында ақылман болып жүргені халқына қадір қасиетін кетірген пендешілігі деуден басқа не айтуға болады. Ниетің-мақсат мүддеңді жүзеге асырғаныңнан халыққа бәрібір әшкере болады. Сіз соны сезінгенде ғана елге деген ағайынға деген ниетіңіз қандай болғанын кеш болса да түсінесіз. Ал қазіргі ақпараттық жүйе айшықталып азынап тұрған заманда арам ниетпен алға басу тіптен мүмкін емес.
Өткенде ғана Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «...Ащы да болса айтайын, біз-қазақтар осынау алмағайып күрделі әлемде, түптеп келгенде, ешкімге соншалықты қажет емеспіз. Өз мемлекетімізге ғана қажетпіз. Осы бір қарапайым қағиданы ешқашан естен шығармауымыз қажет. Әлемдегі Қазақстанның жетістігін көре алмайтын, «мысық тілеу» саясаткерлер, тіпті мемлекеттер де бізден алыстап кеткен жоқ, маңайымыздан ұзамай, әр қадамымызды бағып отыр. Сондықтан елімізді өркендету, көркейту-тек қана өз қолымызда. Біздің осындай сындарлы сәтте қателесуге еш қақымыз да, құқымыз да жоқ. Және мемлекет құрушы ұлт ретінде бұл мәселені бірінші кезекте өзіміз терең сезінуіміз қажет. Өйткені қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр...», - деді Ана тілі газетіне берген сұхбатында.
Мінеки қазақтың тағдыры сізбен біздің өз қолымыз өз ниетімізде екенін президентіміз тағы да еске салып еңселі айтты.
Біздің яғни әр қайсысымыздың ниетімізді тәулік бойы қадағалап отырған арам пиғылды жандар сізді өз мақсат мүдделеріне оңтайлы пайдалана алатыны оларға мына заманда қиындық та туындатпасы анық. Себебі, адамды нысанаға бағыттайтын да, істің мән-мәнісін белгілеп беретін де осы ниетіңіз.
150 жылдай отаршылдық саясат, бағыт-бағдарламасымен бағындырып, қаншама миллион халқымызды сан алуан құйтырқы қылықтарымен қырып салған, тірідей азаптаған, шетелдерге ауа көшіп бас сауғалауларына мәжүбір еткен, еңбекпен тапқан үлестерін Мәскеуге күшпен тартып алып отырған, халықты ауыр салықпен діңкелеткен, қазақтың қаншама ұланғайыр жеріне заңсыз иелік еткен, басқа елдерге үлестірген орыс ұлтының бүгінгі ұрпағынан біз құн сұрап отырған жоқпыз, жерімізді қайтар деп бір сөз айтқан да қазақ жоқ... Сонда да өздерін әлі де жоғары санайтын кейбір орыс ұлт өкілдері арам ниеттерімен Қазақтың елі мен жеріне заңсыз тисіп арамыздан ел арасына іріткі салуға құмар ниеті бұзықтарды да іздейтіні көрініс алып жатады... Саясаттың ең басты жеңісі “сабырлылық” екені осындайда ерекше орын алатыны да шындық.
Ал, ақ патшаның заманынан бері Ресейдің ұстанымын өзіне оңтайлы пайдаланып қазақтың қанашама кең байтақ өлке-жерін өзіне қаратып алған Қытай елі сол қазақтардан қорқып ұлы қорған соғып алғанын ұмыт қалдырып бүгінде Қазақстанның кейбір жері бізге тиесілі деп мектеп оқулық құралдарында жариялап оқушыларының санасына құюуы да бекерден бекер емес. Қай қайсысының да бір қатар пенделерінің бойында қазақ ұлтына қазақ еліне деген қызғаныш сезімі, арам ниет бар екендігі...
«Адамның адамға деген Ниеті бұзылса кінәлі болмақ, Жаратушысына Ниеті бұзылса күнәлі болмақ», - дегендей ниетіміз өз қазағымыз бен дос мемлекеттерге оң болсын! Олардың да ниеттері оң болуын бір Алладан ғана тілейік ағайын!
Құрметбек Сансызбайұлы
07.07.2020 жылы.