Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов АҚШ-та қарсыласын 4 минутта нокаутпен жеңді

Фото: инстаграм парақшасынан

ЖАҢАЛЫҚТАР
2444

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов Коммерс қаласында (АҚШ, Калифорния) өткен бокс кешінде қарсыласын 4 минутта құлатып, жеңіске жетті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ахмедов американдық Малколм Джонспен (17-4-1, 10 КО) жұдырықтасты. Бұл кездесу супер орта салмақта өтіп, он раундқа есептелді және екінші раундта қазақстандық техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, Али Ахмедов кәсіпқой бокста 23-жеңісіне қол жеткізсе, Малколм Джонс осымен бесінші рет жеңіліп отыр. Ахмедовтің қатарынан бесінші рет жеңіске жеткенін де айта кету керек. Ол мансабында бірінші әрі соңғы рет 2020 жылғы желтоқсанда эквадорлық Карлос Гонгорадан (22-3, 17 КО) жеңілген еді. 

Шоу-бизнес

Танымал қазақстандық эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева отбасында дүркіретіп той жасады, деп хабарлад...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арман Исагалиев Қазақстан Республикасы сыртқы істер минист...