Қазақстанға қарсы ойнаған футболшы үйіндегі бассейнде көз жұмды

Фото ©️ oufc.co.uk

СПОРТ
2274

Ағылшындық клуб әлеуметтік желідегі парақшасында футболшының отбасына көңіл айту хабарын жариялады. Ал қазір ойнап жүрген "Панатинайкос" клубы да Джордж Белдоктың қазасын растады, деп хабарлайды madeniportal.kz msports.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Футболшы 9 қазан күні Глифадтағы (Грекия) үйіндегі бассейнде көз жұмған. Денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. 

Грекия құрамасы алдағы екі ойында ойыншыны еске алу мақсатында қаралы шүберек тағып шығу жайлы Еуропалық футбол қауымдастықтары Одағына (UEFA) ұсыныс жіберген. 

Джордж Болдок 31 жасында көз жұмды. Мансабында Англияның "Шеффилд Юнайтед", "Оксфорд", "Тамуорт", "Нортгемптон", "Милтон-Кинс Донс" клубтарында, Исландияның "Вестманнаэйяр" командасында доп тепті. Соңғы рет "Панатинайкос" командасына ауысып келген. 

Грекия құрамасы сапында 12 матчқа қатысты. Наурыз айында Қазақстанға қарсы ойынға шыққан болатын. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...